«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС sauda.e-qazyna мемлекеттік электрондық алаңына ашық саудаға екі жылжымайтын мүлік нысаны шығарылғаны туралы хабарлайды. Сауда электрондық аукцион форматында өткізіледі, бұл рәсімдердің ашықтығын, бәсекелестікті және барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
1️. Астана қаласындағы кіріктірілген бейкоммерциялық үй-жай
Мекенжайы: Астана қ., Мұхамедханов көшесі, 5-үй, н.п. 42, 7-қабат
Сауда күні мен уақыты: 13.01.2026, сағат 12:00
Бастапқы бағасы: 869 635 900,00 теңге
2️. «Миланский квартал» ТК-дағы бейкоммерциялық үй-жай
Мекенжайы: Астана қ., Алматы ауданы, Ақ-Бұлақ-2 ш/а, Амман к-сі, 2-үй, н.п. 7
Сауда күні мен уақыты: 15.01.2026, сағат 10:00
Бастапқы бағасы: 416 209 674,00 теңге
Қатысу шарттарымен sauda.e-qazyna порталында танысуға болады, сондай-ақ өтінім беріп, қосымша ақпарат ала аласыз.
Компания сауда барысы және активтерді іске асыру нәтижелері туралы қоғамды әрі қарай да хабардар етіп отыратын болады.