Сауалнамалар нәтижелері

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС қызметі бойынша сауалнама нәтижелері

2025 жылғы 8-18 тамыз аралығында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 17-бабына сәйкес «Ашық диалог» порталында онлайн-сауалнама жүргізді.

Сауалнаманың мақсаты – азаматтардың Компания қызметі туралы хабардар болу деңгейін анықтау.

Нәтижесінде қатысушылардың басым бөлігі Компанияның жұмысын ашық әрі айқын деп бағалады.

Компания сауалнамаға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді және қоғам үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастырады.

Жарияланған күні: 20.08.2025


«Ашық диалог» порталындағы сауалнама нәтижелері

2025 жылғы 26 наурыз бен 9 сәуір аралығында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 17-бабын іске асыру шеңберінде «Ашық диалог» блог-порталында онлайн-сауалнама жүргізді.

Сауалнама компанияның қызметі туралы азаматтардың хабардар болу деңгейін, ақпарат алу арналары мен жұмыс барысының ашықтығын бағалауды анықтауға бағытталды.

Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың басым бөлігі компанияның қызметін ашық әрі айқын деп бағалады.

Компания сауалнамаға қатысқан барлық азаматтарға алғысын білдіреді және қоғам үшін ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

Жарияланған күні: 11.04.2025


Халық арасында жүргізілген социологиялық, талдамалық және басқа да зерттеулердің, сондай-ақ сауалнамалардың нәтижелері туралы мәліметтер

«Ашық диалог» порталындағы сауалнама:

Мақсат: «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің сайтының функционалдығын жақсарту және жұмыс сапасын арттыру.

• Өткізілу мерзімі: 2024 жылдың 3-13 желтоқсаны аралығында.
• Формат: Портал пайдаланушылары үшін қолжетімді онлайн сауалнама.

Сауалнама нәтижелері:

Сауалнама қатысушылары сайттағы ақпараттың жеткілікті түрде түсінікті әрі қабылдауға оңай екенін атап өтті.

Жүргізілген сауалнама портал пайдаланушыларының жоғары деңгейдегі қанағаттанушылығын растады, бұл сайттың мақсатты аудиторияның талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді.

Жарияланған күні: 18.12.2024 

Прокрутить вверх