Жалпы құны 31 миллион теңгеден асатын қайтарылған активтер сатылды

2025 жылғы 30 сәуір, 2 және 6 мамыр күндері E-Qazyna электрондық платформасында өткен аукциондық сауда-саттық нәтижесінде 9 сағат пен 5 зергерлік бұйым сатылды. Жалпы мәміле сомасы 31 млн теңгеден астам.

Қайтарылған активтерді сату барлық қатысушыларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық әрі айқын тәсіл арқылы өтті. Сауда-саттықтың сәтті өтуі нарық тарапынан мұндай активтерге жоғары қызығушылық бар екенін және активтерді сандық форматта сатудың сенімділігі артып келе жатқанын дәлелдейді.

Тараптар 10 жұмыс күні ішінде сатып алу-сату шартын жасасады. Актив жеңімпазға тек шарт талаптарына сәйкес сатушының шотына толық төлем жасалғаннан кейін ғана беріледі.

Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға жіберіледі және одан әрі әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Бұл аукцион «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің тиімді жұмысын тағы бір мәрте көрсетті. Компания қайтарылған активтерді ұтымды пайдалану стратегиясын жүйелі түрде жүзеге асырып, барлық үдерістердің ашықтығы мен айқындығына қоғам сенімін нығайтуда.

Прокрутить вверх