Саудаға сувенирлік монеталар, зергерлік бұйымдар және сағаттар қойылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna электрондық алаңында қайта электрондық саудалар өткізілетінін хабарлайды.

Саудаға сувенирлік монеталар, зергерлік бұйымдар және қол сағаттары қойылған.

Сауда саны: 42 (49 бірлік актив)

Жалпы бастапқы құны: 521 111 504 теңге

Өткізу күні: 2025 жылғы 4 қараша

Активтерді сату бекітілген ережелерге сәйкес, барлық қатысушыларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және айқын электрондық рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.

Сатудан түскен қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін бағытталады. Қатысу шарттары мен толық ақпарат ресми E-Qazyna порталында қолжетімді.

Прокрутить вверх