«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2026 жылғы 28 және 29 қаңтарға белгіленген екі лот бойынша электрондық сауда-саттықтың тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты өтпеді деп танылғанын хабарлайды.
Сауда-саттыққа келесі лоттар шығарылды:
- Қыны бар самурай қылышы;
- «Kundybai Mining» акционерлік қоғамының акцияларындағы үлес.
Сауда-саттық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес sauda.e-qazyna.kz мемлекеттік электрондық сауда платформасында өткізілді.
Басқарушы компания аталған активтерді қайта электрондық сауда-саттыққа дайындау жұмыстарын жалғастыруда. Сауда-саттықтың өткізілу күні мен шарттары туралы қосымша хабарланатын болады.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде қызмет атқарып, қайтарылған активтерді басқару және өткізу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.