Жылжымайтын мүлік бойынша қайталама сауда-саттық

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы sauda.e-qazyna.kz сайтында электрондық сауда-саттыққа шығарылған жылжымайтын мүлік объектісі туралы ақпараттың орналастырылғанын хабарлайды.

Сауда-саттыққа келесі объект шығарылды:

Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 12-үй, 39-тұрғын емес үй-жай мекенжайында орналасқан №39 кіріктірілген тұрғын емес үй-жай.

Сауда-саттықтың басталу күні: 30.06.2026 ж. сағат 11:00

Бастапқы бағасы: 172 549 450,00 теңге

Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/329398407626000000

Лот туралы толық ақпарат, сауда-саттыққа қатысу шарттары және оны өткізу тәртібі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы sauda.e-qazyna.kz сайтында қолжетімді.

Барлық мүдделі тұлғалар объектінің сипаттамаларымен танысып, белгіленген тәртіппен сауда-саттыққа қатыса алады.

Прокрутить вверх