Құрметті серіктестер мен әріптестер!

Біз, Қайтарылған активтерді басқару компаниясы, бизнестің табысы сенім, адалдық және құрметке негізделеді деп сенеміз.

Комплаенс қағидаттарын ұстана отырып, біз Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ішкі нормативтік құжаттарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеміз.

Біз үшін комплаенс – бұл тек міндеттемелерді орындау ғана емес. Бұл біздің жұмысқа деген ұстаным, ол барлық мүдделі тараптар үшін ашықтыққа, айқындыққа және әділ қарым-қатынасқа кепілдік береді.

Біздің мақсатымыз:

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және кез келген бұзушылықтардың алдын алу;
  • адал, қауіпсіз және этика талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуге жағдай жасау;
  • қызметкерлердің, клиенттердің және серіктестердің құқықтарын құрметтеу.

Компаниядағы әрбір қызметкер осы қағидаларды сақтауға үлес қосады. Сондай-ақ барлық мүдделі тараптарды қолжетімді кері байланыс арналары арқылы кез келген ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамыз.

Сіздің сеніміңіз – біздің басты құндылығымыз!

Қ. Мұқаш




«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын реттейтін ішкі нормативтік құжаттар:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық

3. Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар

Сіз әрқашан жедел желі телефонына қоңырау шала аласыз: 8-7172-47-26-02



Прокрутить вверх