Қайтарылған актив: Астана қаласында тұрғын емес үй-жай сатылды

E-Qazyna электрондық платформасында аукцион нысанындағы сауда-саттық нәтижесінде қайтарылған активтердің бірі – Астана қаласында орналасқан тұрғын емес үй-жай сәтті сатылды.

Актив 96 840 571 теңгеге (ҚҚС қоспағанда) сатылды, бұл оның бастапқы бағасы 84 584 305 теңгеден 12 526 266 теңгеге жоғары.

Бұл келісім Астана жылжымайтын мүлік нарығына деген инвесторлардың жоғары қызығушылығын растап, осындай активтердің нарықтағы әлеуетін көрсетеді.

Сатылымнан түскен барлық қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі. Бұл қаражат Қазақстанның экономикалық дамуын қолдауға және маңызды әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалады. Аталған активтің сәтті сатылуы «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС жұмысының тиімділігін тағы бір рет дәлелдеп отыр, қайтарылған активтерді басқару процесінде ашықтықты, әділдікті және жеделдікті қамтамасыз етіп келеді.

Прокрутить вверх