ҚАБК парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарт бойынша сертификат алды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – ҚАБК) парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесіне жүргізілген сертификаттау аудитінен сәтті өтіп, ISO 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын алды.

Аудит тәуелсіз аккредиттелген сертификаттау органы тарапынан жүргізілді және компанияның ішкі рәсімдерін, бақылау және мониторинг тетіктерін, комплаенс жүйесін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау және барынша төмендету шараларын жан-жақты бағалауды қамтыды.

ISO 37001:2016 сертификатын алу ҚАБК-да халықаралық талаптарға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижелі тетіктер енгізілгенін және олардың тиімді жұмыс істейтінін растайды. Бұл парақорлыққа нөлдік төзімділік саясатын, активтерді басқару процестерінің ашықтығын, адалдық мәдениетін дамытуды және жұмыскерлерді тұрақты оқытуды қамтиды.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Қуанышбек Мұқаш:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу және қолдау – біздің жұмысымыздың аса маңызды бөлігі. ISO 37001:2016 стандарты бойынша сертификатталу барынша ашықтыққа, адалдыққа және қайтарылған активтерді жауапты басқаруға деген ұстанымымызды дәлелдейді. Біз корпоративтік этика жүйесін бірізді нығайтып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін корпоративтік мәдениет қалыптастырып келеміз», – дейді.

ISO 37001:2016 халықаралық сертификаты ҚАБК-ның мемлекеттік активтерді басқаруда жоғары стандарттарды қалыптастыру, қоғам сенімін арттыру және компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы кезекті маңызды қадамы болып табылады.

Прокрутить вверх