«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС рәсімдердің ашықтығын және активтердің қоғам мүддесіне пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, мемлекетке қайтарылған активтерді тиімді басқару және өткізу жұмыстарын жалғастыруда.
Компания қызметінің негізгі көрсеткіштері:

– 101,01 млрд теңге – басқаруға қабылданған активтердің жалпы құны.
– 33,3 млрд теңге – мемлекеттік меншікке берілген активтердің құны.
– 59,76 млрд теңге – Арнаулы мемлекеттік қорға аударылған қаражат.
– 1 150 электрондық сауда-саттық – Компания қызметінің бүкіл кезеңінде қайтарылған активтер бойынша өткізілген сауда-саттық саны.
Қайтарылған активтерді өткізу e-Qazyna электрондық сауда алаңы арқылы жүзеге асырылады. Бұл рәсімдердің ашықтығын, қатысушылардың сауда-саттыққа тең қолжетімділігін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуді қамтамасыз етеді.
Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің басты стратегиялық міндеті – әрбір қайтарылған активті барынша тиімді басқаруды және оның мемлекет пен қоғамға нақты пайда әкелуін қамтамасыз ету.