«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2026 жылғы 5 тамызда мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталында өткен электрондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы хабарлайды.
Сауда-саттық келесі объект бойынша өтті:
Астана қаласы, Сарайшық ауданы, Саяжай тұрғын алабы, Айгөлек көшесі, 19-үй мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 350,5 ш.м. болатын коттедж (жалпы ауданы 497,60 ш.м. шаруашылық құрылыстарымен бірге).
Бастапқы бағасы: 353 839 564,00 теңге.
Сату бағасы: 353 839 564,00 теңге (ҚҚС-сыз).
Сілтеме: https://sauda-seller.e-qazyna.kz/ru/list/332510264976000000
Бұл ретте активке меншік құқығы сатып алу-сату шарты жасалып, оның құны толық төленгеннен кейін сатып алушыға өтетінін хабарлаймыз.
Активтің сипаттамалары, сауда-саттыққа қатысу шарттары және бастапқы бағасы туралы ақпарат sauda.e-qazyna.kz веб-порталында алдын ала ашық қолжетімді түрде орналастырылған.