Мемлекеттік меншік дегеніміз не және ол неліктен маңызды?

Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік меншіктің заңмен қорғалатыны және қоғам мүддесіне сай пайдаланылуға тиіс екені бекітілген. Бұл – мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ұлттық байлыққа жауапкершілікпен қараудың маңызды қағидаттарының бірі.

Мемлекеттік меншік – мемлекетке тиесілі, демек, елдің барлық азаматының мүддесіне қызмет ететін мүлік. Оған жер учаскелері, ғимараттар, кәсіпорындар, инфрақұрылым нысандары, көлік құралдары және басқа да активтер жатады.

Мемлекеттің міндеті – мұндай мүліктің ашық, тиімді және ұтымды басқарылуын қамтамасыз ету.

Егер актив мемлекетке қайтарылса, ол пайдаланылмай бос тұрмауға тиіс. Оның мақсаты мен қоғамдық маңыздылығына қарай заңнамада одан әрі пайдаланудың әртүрлі тетіктері көзделген: мемлекеттік органдарға беру, дербес басқару, сенімгерлік басқаруға беру немесе ашық электрондық сауда-саттықта сату.

Басты мақсат – активтің құнын сақтап, оның мемлекет пен қоғамға пайда әкелуін қамтамасыз ету.

Прокрутить вверх