2025 жылғы 18 сәуірде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үйді электрондық сауда арқылы сату туралы хабарлама жариялады.
Нысанның бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңгені құрады.
Алайда, басқарушы компанияның атына Астана қаласы әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында беру туралы ресми сұраныс келіп түсті.
Әлеуметтік маңыздылығын және заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарынан алынды.
Нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешілетін болады