Құқықтық тетік және ашық диалог

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Құқық қорғау органдары академиясының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы: мерзімді басылымдар арқылы құқықтық білімді насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

IMG 7561 scaled 1

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Сондай-ақ «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әлібек Аймағамбетов қатысты. Кездесу барысында құқықтық білімді кеңінен насихаттау, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық және азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Құқық қорғау органдары академиясының проректоры Руслан Әлкенев Академияның ғылыми журналдары кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік беретін тиімді алаң екенін атап өтті.

Іс-шара аясында кәсіпкерлерге арналған құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықтық тәуекелдердің алдын алуға бағытталған қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары да таныстырылды.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС үшін мұндай пікірталас алаңдарына қатысудың практикалық маңызы зор. Ғылыми қауымдастық, сарапшылар және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен тәжірибе алмасу мемлекетке қайтарылған активтерді басқару мен өткізудің құқықтық тетіктерін жетілдіруге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға, қоғамның оларды өткізу үдерісіне деген сенімін нығайтуға және заңнаманы қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, алдағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Сондай-ақ мұндай кездесулер «Заң және тәртіп» қағидатын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Прокрутить вверх