E-Qazyna платформасында қайтарылған активті сату бойынша сауда-саттық жарияланды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік меншікке қайтарылған мүлікті сату бойынша электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды. Сауда-саттық E-Qazyna платформасында өтеді.

Сауда өтетін күні мен уақыты:
2025 жылғы 18 қараша, сағат 10:00

Сатылымға қойылған объект:
Астана қаласы, Мұхамедханова көшесі, 5-үй, н.п. 42, 7-қабат мекенжайында орналасқан кіріктірілген коммерциялық нысан (тұрғын емес үй-жай).

Бастапқы баға:
1 242 337 000 теңге

Аукционға барлық ниет білдірген адам қатыса алады. Қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарна енгізу және белгіленген мерзімде өтінім беру қажет.

Сауда-саттық толық онлайн форматта өтеді, бұл кез келген аймақтан немесе әлемнің кез келген жерінен қатысуға мүмкіндік береді.

Қатысу шарттары туралы толық ақпарат E-Qazyna веб-платформасында қолжетімді.

Прокрутить вверх