Қайтарылған активтер қалай басқарылады және пайданылады?

Қазақстан Республикасының Конституциясында заңдылық, әділеттілік және мемлекеттік меншікті тиімді басқару қағидаттары бекітілген. Мемлекетке қайтарылған активтермен жұмыс істеу дәл осы қағидаттарға негізделеді.

Мемлекетке берілгеннен кейін әрбір актив заңнамада белгіленген рәсімнен өтеді және оны одан әрі пайдаланудың неғұрлым тиімді тәсілі айқындалады.

Егер актив мемлекеттік органдарға жүктелген функцияларды орындау үшін қажет болса, ол мемлекеттік меншікке берілуі мүмкін. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда актив ашық электрондық сауда-саттық арқылы сатылады. Жекелеген жағдайларда актив сатылғанға дейін сенімгерлік басқаруға берілуі немесе «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің дербес басқаруында болуы мүмкін.

Бұл кезеңдегі негізгі міндет – заңнама талаптарына сәйкес активті тиімді басқару және сату.

Қайтарылған активтерді сатудан түскен қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады. Кейіннен бұл қаражат азаматтар үшін практикалық маңызы бар әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға, атап айтқанда, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын, сумен жабдықтау жүйелерін, спорттық, көлік және басқа да инфрақұрылымды салуға және жаңғыртуға бағытталады.

Осылайша, активтің мемлекетке қайтарылуы – бұл үдерістің соңғы кезеңі емес. Қайтарылған мүліктің экономикалық айналымға тиімді тартылып, түпкі нәтижесінде қоғам мүддесіне қызмет етуі маңызды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 17 тамыздағы жағдай бойынша Үкімет жалпы сомасы 610 млрд теңгеден асатын 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады.

Прокрутить вверх