Бүгін «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-де «Қазақстан Республикасының Конституциясы: әрбір жұмыскер нені білуі керек» тақырыбында ішкі оқыту семинары өтті.
Семинарды Басқарушы компанияның Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Марат Башимов өткізді.
Семинар барысында әрбір жұмыскер білуі тиіс Ата заңның негізгі ережелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық міндеттерді, еңбек ету және оның қорғалу құқығын, заң алдындағы теңдік, заңдылық пен жауапкершілік қағидаттарын талқылады. Сондай-ақ кәсіби қызмет барысында азаматтардың құқықтарын сақтаудың маңыздылығы сөз болды.
Конституцияны білу – тек жалпы құқықтық сауаттылықтың көрсеткіші емес. Әрбір жұмыскер үшін бұл – өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң аясында әрекет ету, өзгенің құқығын құрметтеу және қабылдаған шешімдері үшін жеке жауапкершілікті сезіну.
«Ата заң еліміздің тарихи жолы мен Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын бейнелеп қана қоймай, мемлекеттің негізгі міндеттерін де айқындайды. Олар – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім, ғылым және инновацияны дамыту», – деді Марат Башимов.
Марат Башимов Мемлекет басшысының тұжырымдамалық ұстанымдары құқық үстемдігіне, әділдікке және адамға деген құрметке негізделген елдің одан әрі дамуының тұтас бағытын айқындайтынын атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар күнделікті өмірде және кәсіби қызметте кездесетін практикалық жағдайларды талқылады. Кездесу Ата заң туралы білімді жаңғыртып қана қоймай, Конституцияда бекітілген қағидаттардың іс жүзінде қалай жүзеге асатынын және оларды сақтау әрбір азамат пен әрбір жұмыскерден басталатынын түсінуге мүмкіндік берді.