«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталында электрондық сауда-саттыққа шығарылған активтер туралы ақпараттың орналастырылғанын хабарлайды.
Сауда-саттыққа келесі активтер шығарылды:
- «Парижский квартал» тұрғын үй кешеніндегі №1 пәтер
Жалпы ауданы: 93,6 ш.м.
Сауда-саттықтың басталу күні: 14.10.2026 ж. сағат 10:00
Бастапқы бағасы: 112 926 585,00 теңге
Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/338731490776000000 - «Парижский квартал» тұрғын үй кешеніндегі №6 екі деңгейлі пәтер
Жалпы ауданы: 309,5 ш.м.
Сауда-саттықтың басталу күні: 14.10.2026 ж. сағат 10:00
Бастапқы бағасы: 363 244 554,00 теңге
Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/338731566396000000 - «Green Village» тұрғын үй кешеніндегі №2 пәтер
Жалпы ауданы: 231,8 ш.м.
Сауда-саттықтың басталу күні: 14.10.2026 ж. сағат 10:00
Бастапқы бағасы: 214 016 394,00 теңге
Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/338731373755000000 - Зергерлік бұйымдар мен сағаттар (32 сауда-саттық)
Сауда-саттықтың басталу күні: 15.10.2026 ж. сағат 10:00
Жалпы бастапқы бағасы: 736 049 849,00 теңге
Қайтарылған активтерді сату ашық электрондық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Мұндай формат рәсімнің ашықтығын, қатысушылар үшін тең мүмкіндікті және бәсекелестік негізінде бағаның қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Активтердің сипаттамалары, сауда-саттыққа қатысу шарттары және оның нәтижелері туралы толық ақпарат sauda.e-qazyna.kz веб-порталында жарияланған.