«Ашық диалог» порталында қайтарылған активтерді басқару және сату мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді

2026 жылғы 17–18 қыркүйекте «Ашық диалог» интернет-порталында «Мемлекетке қайтарылған активтерді басқару және сату» тақырыбында интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция 17 қыркүйекте сағат 10:00-де басталып, 18 қыркүйекте сағат 11:00-де аяқталады.

Интернет-конференция барысында мемлекетке қайтарылған активтерді басқару және сату, олардың сақталуын қамтамасыз ету, электрондық сауда-саттық өткізу, сондай-ақ активтерді сату мен басқарудан түскен қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аудару мәселелері қарастырылады.

Қатысушылар «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің заңнамада белгіленген құзыреті шеңберіндегі қызметіне қатысты сұрақтар қоя алады.

Барлық мүдделі азаматтарды интернет-конференцияға қатысып, «Ашық диалог» порталында өз сұрақтарын қоюға шақырамыз.

Прокрутить вверх