Қайтарылған активтер электрондық сауда-саттыққа шығарылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС қайтарылған активтерді сату бойынша алдағы электрондық сауда-саттық туралы хабарлайды. Сауда-саттық 2026 жылғы 22–24 қыркүйек аралығында e-Qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді.

2026 жылғы 22 қыркүйекте сағат 10:00-де мына активтер шығарылады:

1. «Парижский квартал» ТК-дегі №1 пәтер, жалпы ауданы – 93,6 шаршы метр.

Бастапқы бағасы – 112 926 585 теңге.

Сауда-саттыққа сілтеме

2. «Парижский квартал» ТК-дегі №6 екі деңгейлі пәтер, жалпы ауданы – 309,5 шаршы метр.

Бастапқы бағасы – 363 244 554 теңге.

Сауда-саттыққа сілтеме

3. «Green Village» ТК-дегі №2 пәтер, жалпы ауданы – 231,8 шаршы метр.

Бастапқы бағасы – 214 016 394 теңге.

Сауда-саттыққа сілтеме

2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10:00-де зергерлік бұйымдар мен сағаттарды сату бойынша 32 электрондық сауда-саттық жоспарланған. Жалпы бастапқы бағасы – 736 049 849 теңге.

2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10:00-де «ТҰЛПАР» ЖШС-дегі 100 пайыз қатысу үлесі (БСН 991040001430) шығарылады.

Бастапқы бағасы – 991 469 139 теңге.

Қайтарылған активтерді сату ашық электрондық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Мұндай формат рәсімнің ашықтығын, қатысушылар үшін тең мүмкіндікті және бәсекелестік негізінде бағаның қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Активтердің сипаттамалары, сауда-саттыққа қатысу шарттары және оның нәтижелері туралы толық ақпарат e-Qazyna веб-порталында орналастырылған.

Прокрутить вверх