25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ

25 қазан – Қазақстан тарихындағы айрықша маңызы бар күн, еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігінің бастауы болған ұлттық мереке.

1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл құжат халқымыздың өз тағдырын өзі айқындауға, дербес мемлекет құруға деген ұмтылысын айшықтады.


Содан бері Қазақстан тәуелсіздігін нығайтып, саяси және экономикалық дамудың өзіндік жолын қалыптастырды. Жаңа елордамыз бой көтеріп, еліміздің жаңғыруы мен өркендеуінің символына айналды.

Республика күні – өткенімізді бағамдап, бүгінгі жетістіктерімізді саралап, болашақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезінетін күн. Бұл мереке тәуелсіздік, ел бірлігі, бейбітшілік, заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын құрметтеу сияқты басты құндылықтардың маңызын айқындай түседі.

Республика күні – халқымыздың азаттығын айшықтайтын, елдік рухын асқақтататын, тәуелсіз мемлекеттігіміздің қадір-қасиетін ұлықтайтын мереке.


Барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық, халқымызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Қоғамымызда «Заң мен тәртіп» қағидаты берік орнығып, әділдік пен жауапкершілік, адалдық пен заңға құрмет әрбір азаматтың басты ұстанымына айналсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік, бірлігіміз бекем, көк Туымыз әрдайым биікте болсын!


«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС

 бас директоры

Қуанышбек МҰҚАШ

Прокрутить вверх