29 мамыр күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде бірегей тарихи-мәдени артефактілерді мемлекеттік қорға салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтеді.
Аталған құндылықтар мемлекетке қайтарылып, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-ға берілген болатын.
Іс-шара барысында археологтар, өнертанушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері өз пікірлерімен бөліседі.
Осы маңызды оқиғаны жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырамыз. Фото және бейне түсірілім жасауға, сондай-ақ ресми тұлғалар мен сарапшылардан сұхбат алуға мүмкіндік беріледі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 29 мамыр, басталуы сағат 11:00-де
Аккредитация және қосымша сұрақтар бойынша байланыс:
Тел.: +7 701 551 44 24
Email: pressa@kuva.kz