
Қуaнышбeк Жақсыбeкұлы МҰҚAШ
Бас директор
2024
жылғы 14 маусымда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры
болып тағайындалды
2005 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2008 жылы Қарағанды экономикалық университетін заңтану магистрі дәрежесімен тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастап, 2015 жылға дейін Қарағанды облысы мен Астана қаласының прокуратура органдарында жұмыс істеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Кәсіпкерлік туралы заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
Бұдан кейінгі жылдарда бірнеше жеке компанияны басқарып, кәсіпкерлік саласында үлкен тәжірибе жинақтады.
2021-2023 жылдары — «Атамекен» ҚР ҰКП басқарушы директоры. Осы уақыт аралығында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының басшысы қызметін қоса атқарды.
Қоғамдық қызметі:
- ҚР Есту қабілеті бұзылған (сурдо) спортшылар арасындағы дзюдо күресі федерациясының президенті.
- 2023 жылдан бері Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті.
- «Республика» саяси партиясының мүшесі. 2023 жылғы сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиядан кандидат болды.

Данияр Қонысбайұлы КҮЗЕНБАЕВ
Бас директордың орынбасары
Білімі:
- 1998 ж. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университеті, заңгер мамандығы;
- 2021 ж. – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, агротехнология мамандығы;
- 2023 ж. бастап – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, «Тәуекелдерді басқару, ұйымдарды стратегиялық және тактикалық жоспарлау» бағыты бойынша магистратура.
1998–1999 жж. – ҚР Қарулы күштеріндегі қызмет, аға сержант, бөлімше командирі;
2000–2015 жж. – ҚР прокуратура органдарында қызмет (Қостанай облысы прокуратурасы, Астана қаласы прокуратурасы, ҚР Бас прокуратурасы);
2015–2019 жж. – «Астық» элеваторлық жабдықтар зауыты» ЖШС директоры;
2019–2021 жж. – «Альроми» ЖШС директоры (АӨК саласында МТФ, астық қоймалары және басқа да нысандар құрылысы);
2021–2024 жж. – Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры;
2024–2025 жж. – «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасының өкілі, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңірлік директор;
2025 ж. мамырдан – «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШC, бас директордың орынбасары.

Aян Tыныштықұлы ШAЛMAҒAНБETOB
Бас директордың орынбасары
Білімі:
- С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті, экономика факультеті, экономист-менеджер мамандығы бойынша.
- Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, заң факультеті, құқықтану мамандығы бойынша.
2023–2024 жж. «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор (Басқарма мүшесі)
2019–2022 жж. Қарағанды облысы Нұра ауданы, Әкім
2014–2019 жж. Қарағанды облысының әкімдігі, Басшылық лауазымдарды атқарды
2012–2014 жж. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасы, Басшы
2010–2012 жж. Коммерциялық құрылымда басшылық қызметте болды
2008-2010 жж. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Вице-президент, «Ғылым қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
2000-2008 жж. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Әр түрлі құрылымдық бөлімшелерде жұмыс істеді

Mиткин Aлeкceй Юpьeвич
Бас директордың орынбасары
Білімі:
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, заң факультеті, «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша.
2003–2004 жж. «Астана қаласын дамыту бағдарламаларын әкімшілендіру жөніндегі департаменті» ММ (Заң бөлімінің бас маманы)
2004–2005 жж. «Астана қаласының Энергетика және су шаруашылығы департаменті» ММ (Бас маман-заңгер)
2005–2007 жж. «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» ММ (Заң бөлімінің бастығы)
2007-2018 жж. «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ (Басқарма басшысының орынбасары)
2018-2020 жж. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы» ММ (Басқарма басшысының орынбасары)
2020-2024 жж. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқан
2024 ж. тамыздан қарашаға дейін. Ұйымдастырушылық бақылау, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС.
О компании
Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2023 года создано ТОО «Компания по управлению возвращенными активами» со стопроцентным государственным участием в его уставном капитале.