Қайтарылған активтер сауда-саттықа ұсынылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталында электрондық сауда-саттыққа шығарылған активтер туралы ақпараттың орналастырылғанын хабарлайды.

Сауда-саттыққа келесі активтер шығарылды:

  1. «Парижский квартал» тұрғын үй кешеніндегі №1 пәтер
    Жалпы ауданы: 93,6 ш.м.
    Сауда-саттықтың басталу күні: 14.10.2026 ж. сағат 10:00
    Бастапқы бағасы: 112 926 585,00 теңге
    Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/338731490776000000
  2. «Парижский квартал» тұрғын үй кешеніндегі №6 екі деңгейлі пәтер
    Жалпы ауданы: 309,5 ш.м.
    Сауда-саттықтың басталу күні: 14.10.2026 ж. сағат 10:00
    Бастапқы бағасы: 363 244 554,00 теңге
    Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/338731566396000000
  3. «Green Village» тұрғын үй кешеніндегі №2 пәтер
    Жалпы ауданы: 231,8 ш.м.
    Сауда-саттықтың басталу күні: 14.10.2026 ж. сағат 10:00
    Бастапқы бағасы: 214 016 394,00 теңге
    Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/338731373755000000
  4. Зергерлік бұйымдар мен сағаттар (32 сауда-саттық)
    Сауда-саттықтың басталу күні: 15.10.2026 ж. сағат 10:00
    Жалпы бастапқы бағасы: 736 049 849,00 теңге

Қайтарылған активтерді сату ашық электрондық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Мұндай формат рәсімнің ашықтығын, қатысушылар үшін тең мүмкіндікті және бәсекелестік негізінде бағаның қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Активтердің сипаттамалары, сауда-саттыққа қатысу шарттары және оның нәтижелері туралы толық ақпарат sauda.e-qazyna.kz веб-порталында жарияланған.

Прокрутить вверх