Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің жаңа стандарты бойынша оқыту өтті

2026 жылғы 1–2 қыркүйекте «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-де жұмыскерлерге ҚР СТ ISO 37001-2025 «Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» жаңа стандартының негізгі ережелері бойынша оқыту өткізілді.

Оқытуды Компанияның комплаенс-офицері Гүлнара Мұхамеджанова өткізді. Іс-шара ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің алғашқы бақылау аудитінен өтуге дайындық аясында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026 09 03 at 09.24.41

Оқыту барысында жұмыскерлерге жаңа стандарттың негізгі ережелері мен талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды анықтау тәсілдері, сондай-ақ белгіленген рәсімдер мен іскерлік әдеп қағидаттарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуіндегі әрбір жұмыскердің рөліне, ықтимал тәуекелдердің алдын алуға, сондай-ақ Компанияда адалдық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Мұндай оқыту Компанияның ішкі процестерді жетілдіру, қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, заңдылық пен адалдық қағидаттарын сақтау бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР СТ ISO 37001-2025 талаптарын Компания қызметінде іс жүзінде қолдану бойынша қажетті түсіндірмелер алды.

Прокрутить вверх